Ақтауда екі шағын аудан аралығындағы автомобиль жолы уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау қаласында орташа жол жөндеу жұмыстарына байланысты 8-шағын аудан мен 6-шағын аудан аралығында жол жүрісі уақытша шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
— 26-28 шілде аралығында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды, — делінген Ақтау қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын 21 шілдеде таңнан бастап Ақтауда қоғамдық көліктер жүрмей қалғаны белгілі болды. Салдарынан тұрғындар күтпеген жерден тығыраққа тірелгенін айтып, шағымданды.