Ақтауда экологиялық туризмді дамыту қолға алынбақ

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы негізгі орнитологиялық аумақтардың бірі Қаракөл көлінде «Саябақтар маршы» табиғатты қорғау акциясы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарт» ХАА тілшісі.

Ақтауда экологиялық туризмді дамыту қолға алынбақ



Шара аясында Ақтау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде  химия-биологиялық бағыттарында білім алатын оқушылар мен «Жасыл әлем» клубының мүшелері  құстарды бақылап, қоқиқаздардың әлемімен танысты.

Қаракөл көлі - республикалық маңызы бар Қарақия-Қаракөл мемлекеттік жануарлар қорығының бөлігі. Бұл қорықтан жылдың әр маусымында су және су маңында мекендейтін 175-ке дейінгі құстардың түрін кездестіруге болады.  Олардың арасында қиқылдақ аққу, бұйра және қызғылт бірқазан, қоқиқаз, жалбағай, ақбас тырна сынды Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген 20 құс бар.

Өз кезегінде жас экологтар сирек кездесетін құстарды сақтап қалу, жалпы өңірде экологиялық туризмді дамыту бағыттарындағы жобалармен айналысып жатқандықтарын айтты.