Ақтауда ер адам ұлын өмірден айырған күдіктіні ұрып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адам ұлын өлтірді деген күдіктіні ұрлап әкетіп, қылмысын мойындату үшін оны өлгенше сабаған, деп жазады Lada.kz.

Ақтауда ер адам ұлын өмірден айырған күдіктіні ұрып өлтірді

«Осы үшін Ақтау тұрғыны 19 жылға сотталды», - дейді Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров.

Ер адам ұлының өлімін Маңғыстау тұрғынынан көрген. Оны ұрлап әкетуге көмектесу үшін танысына үш мың АҚШ долларын ұсынған. Танысы тағы үш адам жалдаған. Күдікті үйінен шыққан кезде оның қолын байлап, машинаға отырғызады да, ең далаға алып кетеді. Зордың күшімен күдікті айыбын мойындайды. Бұдан кейін қаза болған ұлдың әкесі құқық қорғау органдарына «күдікті айыбын мойындағанын» хабарлаған. Бірақ күдікті бостандықта жүре берген.

Кейін олар күдіктіні екінші рет ұстап, «тергейді». Алайда бұл жолы қылмысқа қатысы жоқтығын айтады. Қарсыласқан күдіктіні ер адам өлгенше сабап, денесін айдалаға көміп кеткен.

Ұлдың әкесі адам өлтіргені үшін - 19 жылға, сыбайластары 16 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.