19:54, 16 Шілде 2015 | GMT +5
Ақтауда футбол орталығы ашылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда футбол орталығы ашылмақ. Футбол орталығы «Каспий» спорт кешенінің базасында пайда болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының өкілі Анатолий Беляй айтты. Орталық жұмысына неміс футбол одағының бағдарламасы пайдаланылатын болады, деп хабарлады sports.kz.
Қазақстандық бапкерлер кішкене балалармен ересек футболшылар сияқты жұмыс істейді. Балаларға басқаша тәсіл қолдану қажет. Бапкерлердің біліктілігін арттырғымыз келеді. Жүйелі оқытып, тақырыптық сабақтар өткізілетін болады, - деді ол.
Бұл ретте ҚФФ өкілі инфрақұрылымның жеткіліксіздігіне шағымданды.
Жұмыс деңгейіне сәйкес келетін футбол орталықтары аз. Қыс ішінде жұмыс істеу үшін манеждер қажет, - деді А. Беляй.
Оның айтуынша, орталық облыстық бюджеттен қаржыландырылады.