Ақтауда ірі зауыттың іргетасы қаланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жаңа зауыт кешенінің капсуласын қалады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтауда ірі зауыттың іргетасы қаланды

«Ақтау теңіз порты» АЭА орналасатын зауыт газдан метанол мен олефин өндіреді. Мұнайхимия өндірісіне қажет өнімдер 40 түрлі зат шығаруға қолданылады. Зауытты салу кезінде 4 мыңдай, іске қосылған соң 650 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жобаны сингапурлық компания іске асырады. Бұл олардың Қазақстандағы ең алғашқы жобасы.

Жоба құны 683 млрд теңге.