Ақтауда итбалық адамға тағы шабуылдады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 25 жастағы жігітті итбалық тістеп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Достарынан қалып қойып, демалыс орнының жағалауында жалғыз шомылып жүрген жігітке итбалық тап болған. Ол ер адамға шабуыл жасап, қолын тістеп, арқасына және иығына сызат түсірген.

«Жігіт шағыммен өз бетінше жүгінді. Ол амбулаторлық емге жолданып, үйіне жіберілді», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін итбалық қаланың 14-шағынауданында суға түсіп жүрген екі қызға шабуыл жасаған еді. Оларға облыстық балалар ауруханасында медициналық көмек көрсетіліп, құтырмаға қарсы екпе салынды.




Фото: lada.kz






Соңғы жаңалықтар