Ақтауда қалалық агломерацияларды дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс басталды

АҚТАУ. 20 шілде. ҚазАқпарат - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларынан өзге Ақтау шаһары да енген қалалық агломерацияны дамыту бойынша қабылданған бағдарламаның жұмысы басталды.

Ақтауда қалалық агломерацияларды дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс басталды

Қалалық агромерациялардың (моноқалалардың) экономикасы сервис саласын, қаланың әлеуетін дамыту үшін шетелдік және отандық инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыстың дамуын қарастырады.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қалиолла Абдуллаевтың төрағалығымен Ақтау қаласының агромерациясын дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды.

 Қазіргі уақытта қаланың орта кезеңге арналған даму жоспары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде.