Ақтауда қаланың ортасындағы дәмхана өртенді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 28 шағын аудандағы дәмхана талтүсте қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Ақтауда қаланың ортасындағы дәмхана өртенді

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер тіркелмеген.

80 шаршы метр аумақты алатын дүкенді сөндіруге 4 техника мен 20 шақты маман жұмылдырылған. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.