Ақтауда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Lada.kz.

Ақтауда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

Оқиға 5 тамызда болған. Саяжай қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, қыз бала таңертең 5А-шағын аудан жағалауында жүгіруге шығады. Оның соңынан бір ер адам ілескен. Кейін қызды демалушылар тауып алған кезде ол ес-түссіз болған.

Осы іске қатысты ер адамды Ақтау полициясы қамауға алды.

«Күдіктіге ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі бойынша (кәмелеттік жасқа толмағанға сексуальдық сипатта күш көрсету) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Ақтау қаласындағы уақытша оқшаулау бөліміне қамалды», - деді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.