Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ақтауда Каспий теңізінен ағыс алып кеткен бес жасөспірім құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Каспий теңізінде шомылып жүрген бес жасөспірімді құтқарып қалды. Теңіздегі қатты толқынның салдарынан олар жағадан алыстап кетіп, өздігінен орала алмаған.

Ақтауда Каспий теңізінен ағыс алып кеткен бес жасөспірім құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Оқиға Ақтаудағы Каспий теңізі жағалауында ТЖМ қызметкерлері үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатқан кезде болған.

Ведомствоның мәліметінше, теңіздегі қатты толқын салдарынан жасөспірімдер жағаға өз күшімен шыға алмаған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, көмекке келіп, бес жасөспірімнің бәрін аман-есен жағаға жеткізді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ҚР ТЖМ қазақстандықтарды су айдындарында аса сақ болуға үндеді. Су көліктерін пайдаланар алдында олардың техникалық жағдайын мұқият тексеріп, ауа райын ескеріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен үш жасөспірім құтқарылғанын хабарлағанбыз.