Ақтауда Каспийдің жылы жағажайына апаратын маршрут іске қосылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаз мезгілінде тұрғындардың теңізге баруын қамтамасыз ететін «Ақтау - Жылы жағажай» бағыты бойынша жаңа маршрут іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: өңірлік коммуникация орталығы

Автобус 36 шағынаудан орналасқан флагштоктан бастап «Tree of life» жағажайына дейін жолаушыларды тасымалдайды.

«Тұрғындар жаз мезгілінде теңізге көп барады. Сондықтан қала сыртындағы жағажайларға дейін жүретін №6 автобусты іске қостық. Аталған маршрут күніне 3 рет жолаушыларды тасымалдайды. Тағы бір айта кететін жайт, 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай аталған маршрут балаларға тегін қызмет көрсетеді»,- деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.

Айта кетейік, №6 «Ақтау - Жылы жағажай» бағытындағы автобус күнделікті 9:00-10:20, 11:40-13:20 және 18:20-19:20 аралығында жүреді.


Соңғы жаңалықтар