Ақтауда кішкентай қызға тиіспек болған ер адам ұсталды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда полицейлер кішкентай қызға тиіспек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Куәгерлердің сөзінше, ер адам 28-шағынаудандағы 32-үйдің жанында балалар алаңына келіп, кішкентай қызға тиісе бастаған.
Сол жерде көріп қалған балалар оның үйіне жүгіріп барып, әкесіне хабарлаған. Адамдарды көрген ол қашып кетеді. Сол маңдағы мейрамхана жанында ер адамды полицейлер ұстап алған.
МО Полиция департаменті аталған жағдайды растап отыр.
«Қазір ол тергеу изоляторында қамауда. Тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлады МО Полиция департаменті.