Ақтауда қысқа дайындық басталды

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қыста жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін топырақ пен тұз әзірленіп, техникалар тізімі жасалды. 

техника
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Ал Ақтау қаласындағы жолды күтіп ұстауға «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жауапты.

жұмысшылар
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

— 2025 жылы қыс мезгілінде автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын күтіп ұстау мақсатында, аталған компания қысқы мерзімдегі жұмыстарды тиімді атқару үшін 800 шаршы метр — топырақ, 200 тонна — тұз дайындап, 6 жүк тиегіш автокөлігі, 4 автотиегіш, 2 автогрейдер мен 4 тұз шашатын арнайы көлік, 2 вакуумдық машина ассенизатор, 9 газель және 12 дана мотопомпаның тізімін жасақтады. Сондай-ақ, қысқы мерзімдегі кезекшілік кестесі мен кезекшіліктегі жауапты тұлғалардың атқаратын міндеттері бекітілді, — делінген хабарламада. 

құм
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Сондай-ақ, қыс мезгілінде көшедегі жұмыстарға «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС-нің жол-жөндеу бөлімі, автоколонна учаскесі, шаруашылық учаскесі және қаладағы қөше сыпырушылар жұмылдырылмақ. 

Ал, Маңғыстау облысы бойынша жолдарда қауіпсіздікті сақтау үшін, жол пайдалану учаскелері қызмет көрсетеді. Бейнеуде — 57, Шетпеде — 58, Ақтау қаласында — 59 жол пайдалану учаскесі бар. Қыс мезгілінде ауа райының өзгеруіне байланысты жолдың тайғақтығын ескертетін қосымша 96 жол белгілері орнатылған.

Сонымен қатар, Жетібай ауылы, Жаңаөзен қаласы және Маната асуында қосымша құм базалары құрылды.

— «ҚАЖсервис» филиалында 120-ға жуық жұмысшы бар. Автожолдарды қыста күтіп ұстау үшін 41 техника жұмыс істейтін болады. Соның ішінде, осы жылы 7 құрамдастырылған арнайы жол көлігі, 3 тиегіш, 2 автогрейдер, барлығы 12 бірлік техника сатып алынды. Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда 1680 шаршы метр құм мен 1000 тонна тұз дайындалды. 1500 шаршы метр құм қоры тағы сатып алынуда, — делінген Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген мәліметте.

техника
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Айта кетейік, облыс аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 3063,2 шақырымды құрайды. Оның 1013 шақырымы республикалық, 1029,3 шақырымы облыстық, 1020,9 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

Бұған дейін, Ақтауда 11 жасар қыздың басына футбол қақпасы құлап, ауыр жарақат алғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар