Ақтауда көктайғақтан 50 шақты адам зардап шекті

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда кеше түнде себелеп жауған жаңбырдан соң аяз түсіп, таңертең дала көшелері көктайғақ болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда көктайғақтан 50 шақты адам зардап шекті

Таңертеңгілік уақытта қоғамдық көліктер әдеттегі кестесінен кешігіп, тұрғындарға біраз қиындықтар туғызды. Ал, такси жүргізушілері жағдайды пайдаланып, бағаны өсірді. Осылайша, таңертең жұмысына асығып жүріп тайып құлап, облыстық ауруxананың қабылдау бөліміне түскендер көп болды.

МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің xабарлауынша, ауруxананың қабылдау бөліміне таңертеңгі 8-ден қазіргі уақытқа дейін 50 шақты адам келіп қаралған. Олардың 3-еуі ауруxанаға жатқызылыпты.

null  "Әдетте, қабылдау бөліміне күні бойы 25-тей адам жүгінетін. Ал, мына көк тайғаққа байланысты әртүрлі шағыммен жарты күнде 50-дей адам келді. Балалар ауруxанасында жағдай бірқалыпты. Штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Онда ешкім шағыммен келмеді",- дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев.

Қысқы дөңгелек ауыстырмаған көлік  иелері де зардап шекті. Осы уақыт ішінде 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген.null

МО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты салдарынан денсаулығына зақым келгендер жоқ. Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша іс қозғалған.null

Ауа райының күрт өзгеріп, көктайғақ болуына байланысты таңғы  7-ден бастап қала көшелеріне кұм-тұз шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.