Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала мерт болды

жедел жәрдем
Фото: Pexels

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтауда тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлаған 4 жастағы бала мерт болды.

Қайғылы оқиға облыс орталығының 17 шағынауданындағы үйлердің бірінде болды. Қараусыз қалған бала бесінші қабаттан құлап кеткен.

Аталған жағдайдың куәгерлері оқиғаның 25 сәуірде болғанын айтып отыр.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдіріп, тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

«Бала оқиға орнында қаза болды. Бұған қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде», - деді облыстық ПД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар