Ақтауда қос азаматтықпен жүрген ресейлік ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда екі елдің азаматтығымен жүрген 23 жастағы ресейлік ұсталды, деп хбарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оған қос азаматтығы үшін сот шешімімен айыппұл салынып, елден шығарылды.

«Қос елдің азаматтығы бойынша Ресей Федерациясының азаматы Пресяжная Татьяна ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол Ақтау әуежайында қолға түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша Ақтау қалалық соты 496 мың теңге айыппұл салу туралы шешім шығарып, еліне жіберілді», - деп жазды Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Руслан Шманов.

Жалпы жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік әкімшілік жауапкершлікке тартылған. Басым бөлігі Әзірбайжан, Өзбекстан азаматтары болған. Ал былтыр қос елдің азаматтығымен жүрген 10-нан астам адам анықталған.


Соңғы жаңалықтар