Ақтауда құбырдан ер адамның денесі табылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының11а шағын ауданында ер адамның денесі құбырдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиғаны МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Аталған дерек бойынша, сот-медицина сараптама тағайындалған.
«Мәйіттен қандай да бір зорлық белгілері табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді баспасөз қызметі.