Ақтауда құлаған кіреберіс маңдайшасының астында қалған жұмысшылардың жағдайы қалай

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда үйдің кіреберіс маңдайшасының құлауынан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы бірқалыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: lada.kz

Зардап шекккендердің бірі - 1975 жылы туған азамат, ол тобығынан соққы алған.

Дәрігерлік тексерістен соң амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген.

Ал сол жақ балтыры сынған екінші науқасқа ота жасалған. Қазіргі уақытта екі науқастың да жағдайы тұрақты.

«Екінші науқас травматология бөліміне жатқызылды. Оның балтыр сүйегінің төменгі жағының үштен бір бөлігі ашық сынған. Операция жасалды. Қазір бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Өміріне қауіп жоқ», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасы қабылдау бөлімінің қызметкері Қайрат Нұралиев.

Айта кетсек, Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісінің маңдайшасы құлап, жұмыс жасап жатқан 2 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапқан еді.

Кейінірек тұрғын үй маңдайшасының жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құлағаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар