Ақтауда Lexus ішінен 302 кг бекіре тұқымдас балық табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда Lexus ішінен 302 кг бекіре тұқымдас балық табылды

«16 қараша күні сағат 16:30 шамасында Ақтау қаласының аумағында 26-ыншы шағынауданда Lexus маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балық табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Балықты заңсыз аулаған 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді», - деді полициядан.


Фото: facebook.com/dvdmangistauaktau