Ақтауда «Масат» базарының тең жарты аумағы өртеніп кетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бүгін 18:32-де 23-шағынауданда орналасқан «Масат» базарында өрт болып, сауда алаңдары мен тауарлар салынған металл контейнерлер отқа оранды.
Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазіргі сәтте тілсіз жау толық ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Базардың жалпы аумағы 1200 шаршы метр. Яғни, базардың тең жартысына жуық аумағы өртеніп кетті. Жалпы 16 контейнер мен 120 сауда алаңы отқа оранды. Жапа шеккендер жоқ. 4 адам қауіпсіз жерге шығарылып, 100-дей адам өртті сөндіруге атсалысты» делінген Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Хожабекова берген мәліметте.
Өрт 20-23-те толық сөндіріліп болды.