Ақтауда маска тегін таратылып жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының көшелерінде және теңіз жағалауында 4 000 дана маска тұрғындарға тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда маска тегін таратылып жатыр

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында – 2 600 дана, Мұнайлы ауданында – 1 000 дана маска тұрғындарға берілді. Аталған шара алдағы уақытта тұрақты жүргізіледі. Бұл шараны әкімдік Жастар ресурстық орталығы мамандарының көмегімен бірге жүзеге асырды.

«Індеттің таралуын төмендету үшін әрқайсымыз азаматтық жауапкершілік танытуымыз қажет. Сақтық шараларын күшейтіп, маска режимін және санитарлық тазалықты қатаң сақтағанда ғана нәтиже болатындығын естен шығармауымыз тиіс», делінген хабарламада.


«Союз-5» зымыраны неге ұшпай қалды: күтпеген себеп аталды
Ұқсас жаңалықтар

«Союз-5/Сұңқар» зымыраны неге кешігіп ұшты: күтпеген себеп аталды