Ақтауда медициналық орталық 8 ай бойы 33 қызметкерінің жалақысын бермеген

АҚТАУ. KAZINFORM – Прокуратура қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталық ұзақ уақыт бойы еңбек инспекциясының жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды.

жалақы
Фото: Kazinform

«Осы негізде, Маңғыстау облысының прокуратурасы 2023 жылдың 8 айында жиналған 7 млн теңгені 33 жұмысшының жалақысына берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады.

Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», — деп жазды Бас прокуратурадан.

Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.