Ақтауда мектеп оқушысы Қазақстан ЖОО-лары туралы мобильдік қосымша жасап шығарды
Өз жобасы арқылы мектеп оқушысы барлық мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауға жәрдемдеседі. Рақымжанның қосымшасы әзірге iOS платформасы бар смартфондарға ғана келеді. Онда қазақстандық ЖОО-лар туралы толық ақпарат бар.
Оқушы болашақ мамандықты таңдау кезінде қиындықтарға тап болған соң оған қосымша жасау идеясы келген.
«Соңғы сынып - жоғары сынып оқушысының өміріндегі ең маңызды да жауапты кезең. Оны «Қандай мамандық таңдасам? Кім болам? Қайда оқысам? ЖОО-ға дайындық деңгейім қандай?» деген сұрақтар толғандырады. Біздің мектепте кәсіптік бағдар беретін консультант бар. Ол мамандық таңдауда кеңес береді, ұнайтын мамандықты алуға болатын университеттерді ұсынады.
Консультантта болғанымда кабинетінен университеттер туралы буклеттерге, түрлі қағаздарға жазылған ақпараттарды көрдім. Шынымды айсам, қазір бұл ыңғайсыз нұсқа: ақпарат толық, бірақ шашыраңқы. Ақпаратты табу үшін көптеген буклеттерді қопарып отыруың қажет. Желіде де солай. Сайтқа кіру қажет, әрі көпшілік оқу орындарында толық ақпараты бар сайттар жоқ. Өз идеямды информатика мұғалімі Алтынбек Қаржаубаевқа айттым. Ол бізді үнемі қолдайды. Ол маған мобильді қосымша жасауды ұсынды», - деді Рақымжан.