03:39, 17 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Ақтауда мифтер алаңы пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күнінде Ақтауда мифтер алаңы қолданысқа берілді, деп хабарлайды Хабар 24.
Онда аққу, суын айғыр, түйе қыз секілді 13 шағын сәулет мүсіндері қойылған. Олардың барлығы маңғыстаулық ғалым Серікбол Қондыбайдың еңбектерінде кеңінен сипатталған.
Айта кетейік, осы жағалауды ұзындығы 102 метрлік баспалдақ теңізбен жалғайды. Іргесі 300 көлікке арналған автотұрақпен шектеседі.
«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында елдің рухын биіктетін үлкен жағалау болып, халық пайдалануына берілді. Ұлы даланың ұлылары, атқа міну мәдениетін насихаттау, фолькорлық музыкасы түгелдей қамтылып, жұртшылыққа ұсынылды. Жаңа жағалау облыс тұрғындарға арналған игі шаралардың бірі», - дейді өңірлік мәдениет басқармасының басшысы Пания Сармурзина.
Фото: Лада