Ақтауда мұғалімдердің барлығы вакцина салдырды
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазір облыс орталығында 39 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 25 мемлекеттік, 1 кешкі, 11 жекеменшік.
Мұғалімдер мен 2415 қызметкер коронавирус инфекциясына қарсы толық вакцина алды.
Бұл қала бойынша мектептердегі мұғалімдердің жалпы санының 99,5%.
Осылайша, педагогтар жаңа оқу жылына тас-түйін дайын.
«Мұғалімдер вакцинаны ерікті түрде мамыр айынан бастап салдыра бастады. Олар балалармен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан егу жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Биылғы оқу процесі санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. Мектептерде дезинфекцияның 4 сатылы сүзгісі, желдету, кварцтау, ылғалды жинау режимі күшейтіледі», -деді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева.
Биыл жаңа оқу жылында қала мектептері 50 мыңнан астам оқушыны қабылдайды деп жоспарланған. Оның ішінде 6150-і - бірінші сыныпқа қадам басады.