15:37, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ақтауда мұнайшылар сенбілікке шықты
АҚТАУ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Ақтауда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары сенбілікке шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан мұнайының 110 жылдығы, Қаламқас кен орынының 30 жылдығы мен мұнай- газ кеніші қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен бұл сенбілікке акционерлік қоғамның 120-дан астам қызметкері мен бірнеше арнаулы техника қатысты.
Олар қаладағы Т.Шевченко ескерткішіне қарсы орналасқан құлама баспалдақтардан теңіз жағалауына дейінгі аралықта толықтай тазарту жұмыстарын жүргізді.