Ақтауда Наурыз кезінде «Қыз ұзату» салты орындалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтаудың теңіз жағалауында қала қонақтары мен тұрғындарына 20-дан астам киіз тігіліп, Наурыз мейрамының құрметіне жаппай қыдыру, спорттық сайыстар, мәдени бағдарламалар болды.

Ақтауда Наурыз кезінде «Қыз ұзату» салты орындалды



Сонымен бірге, ұлттық дәстүріміздің айнымас бөлігі «Қыз ұзату»  рәсімінің театрландырылған қойылымы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 

«Барлық этномәдени бірлестіктер киіз үй маңында ән салып, би билеп, түрлі ойындар ойнады. Барлығы ұлттық киім киіп, ұлттық тағамдарды ұсынды. Мәселен, біздің киіз үйде жаңа пісірілген бауырсақпен шұбат ішуге болады. Ұлттық тағамдар мен бұйымдар көрмесі ашылып, түрлі спорттық сайыстар, ұлттық ойындар  өтуде», - деді Маңғыстау облысы «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Амангүл Жайылханова.