19:34, 11 Наурыз 2024 | GMT +5
Ақтауда ораза кезінде мешітке тегін автобус қатынайды
АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтауда Рамазан айы бойы тарауық намазынан кейін қала ішіне тегін автобус қатынайтын болды.

Ораза кезінде арнайы автобусты «Каспий авто паркі» ұсынып отыр.
Аталған қайырымдылық іс Маңғыстау облыстық «Бекет ата» орталық мешіті имамдарының өтінішімен қолға алынып отыр.
«Ақтауды төменгі шағынаудандарында мешіт болмауына байланысты келетін адамдарға жеңілдік жасағымыз келді. Автобус 26 шағынаудандағы орталық мешіттен шығып, 14 шағынауданға, әрі қарай 9 шағын ауданнан төмен 2,1 шағынаудандарға қарай қатынайды», — деді мешіт «Бекет» ата мешітінің имамы Іздібай Бегенұлы.