Ақтауда Өзбекстан азаматшасы зергерлік бұйымдар контрабандасымен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері «Ақтау» халықаралық әуежайының өткізу бекетінде қазақстандық шекарашылар зергерлік бұйымдарды алып өту ісінің жолын кесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтауда Өзбекстан азаматшасы зергерлік бұйымдар контрабандасымен ұсталды

Шекара жасағы «Ыстанбұл-Ақтау» бағытындағы рейсте зергерлік бұйымдары бар 24 жастағы Өзбекстан азаматшасын ұстады. Ол 30-ға жуық әшекейлерді - жүзік, сырға, алқа және білезікті алып өтпекші болған.

Әшекейлер қол жүгін тексеру кезінде табылған. Құқық қорғау органдары мен Маңғыстау облысындағы әрекеттес органдардың өкілдеріне хабар берілді.

Сондай-ақ, «Алматы - Бейжің» рейсінде декларацияланбаған ақшалай соманы - 10 000 доллар, 3 125 юань және 50 000 теңгені алып өтбек болған 61 жастағы қазақстандықтың ұсталғаны хабарланды.