Ақтауда Өзбекстанға әуе рейсі ашылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау-Үргенш-Ақтау бағыты бойынша халықаралық рейс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда Өзбекстанға әуе рейсі ашылды

Хорезм облысының әкімшілік орталығы, ежелгі Үргенішке «Скат» әуе компаниясының ұшағы аптасына 2 рет қатынайды.

«Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қарым-қатынас орнатуға тамаша мүмкіндік. 8 наурызда Boeing 737 ұшағы алғашқы рейсті сәтті жасады. Scat.kz сайтында билетті брондауға болады. Орташа баға 73 мыңнан басталады. Аптасына дүйсенбі және сәрсенбі күндері қатынайды»,-дейді авиакомпания өкілдері.

Сондай-ақ, ұшақта барлық санитарлық-эпидемологиялық талаптар қатаң сақталады.