Ақтауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында көпқабаттың үйдегі пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды

«17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында «102» кезекші пультіне 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер мен әйел адамның мәйіттері табылғаны туралы шақыру түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - делінген полиция мәліметінде.


Фото: polisia.kz