Ақтауда ірі көлемде электронды темекі мен снюс тәркіленді

АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтауда полиция қызметкерлері 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіледі. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 қыркүйекте Ақтау қаласының 28А шағын ауданында болған.

а
Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаменті

Криминалдық полиция қызметкерлері Changan маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында WAKA маркалы 64 электронды темекі анықтаған.

Кейін полиция қызметкерлері қаланың өнеркәсіптік аймағындағы гараждардың біріне тінту жүргізді. Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді.

а
Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаменті

 

— Осылайша жалпы саны 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады, — делінген хабарламада.

Полиция департаменті тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бұған дейін, Маңғыстауда 83 келіден астам марихуана тәркіленген болатын.

Ал, Алматы әуежайында 32 келіден астам есірткі тасымалы әшкереленді.