Ақтауда Ресей азаматтарын тонағандар ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ресей азаматтарының 200 еуросын ұрлап кеткен Ақтаудың екі тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда Ресей азаматтарын тонағандар ұсталды

Оқиға 11 шағынауданның 39-үйінің маңында болған.

«Зардап шегуші тарап аталған оқиға туралы Ақтау қаласы Полиция департаментіне арызданып, шара қолдануын сұраған. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігімен іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген баспасөз мәліметінде.

Тексеру барысында 2 күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

Ресейліктердің ақшасын ұрлаған Ақтау қаласы тұрғындарының бірі 26 жаста болса, бірі 31 жастағы ер адамдар екені белгілі болды.