Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

15 шілде күні кешкісін теңіздің Приморский тұрғын үй алабына қарсы тұсында сапбордпен жүзіп жүрген үш адам – 31 жастағы екі адам, 29 жастағы бір адам суға ағып кеткен.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті құтқару операциясын жүргізіп, барлық адам құтқарылған.

Сол күні кешке сапбордпен жүзіп жүрген тағы 3 адам құтқарылып, аман қалды. Дәрігерлер оларға алғашқы көмек көрсетті.

Үшінші құтқару операциясы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында өткен. 2 адам үрленетін қайықпен жағажайдан алысқа сумен ағып кеткен. Құтқарылған ер адамдарға Жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлері алғашқы жәрдем көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар