Ақтауда шала туған шақалақтардың аналары дәрігерлерге алғыс айтты

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін мерзімінен бұрын босанған маңғыстаулық аналар облыстық перинаталды орталыққа барып, дәрігерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Аналар ақжарма тілектерін айтты. Перинаталды орталықта туған сәбилерінің сол кездегі және бүгінгі суреттерінен кітапша дайындап, дәрігерлерге сыйлады.

«25 аптасында сәбиімді өмірге әкелдім. 860 грамм болды. Кейін салмағы 700 грамм болып азайып қалды. Маған өте қиын болды. Қарамаймын, алмаймын деген кездерім болды. Тастап кетейін деген ой да жоқ емес. Бірақ дәрігерлер райымнан қайтарды. Жансақтау бөлімшесінде ұзақ жатып шықтық. Дәрігерлер мен мейірбикелерге алғыс айтамын», - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Айнұр Көшербаева.

Маңғыстау облысының перинаталды орталығында жыл сайын 8 мыңға жуық сәби дүниеге келеді.

Мамандар оның 600-ге жуығы реанимация бөліміне түсетінін айтады.

Ал сол 600 сәбидің 42 пайызы - шала туғандар. Олардың салмағы 500 грамнан 1,5 келіге дейін ғана болады.

Соңғы жаңалықтар