Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі басталды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХIV халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақ бокс федерациясының мәліметінше, 30 тамыз - 3 қыркүйек аралығында 2022 күндері Ақтау қаласы 17-шағынауданда орналасқан «Халық Арена» спорт кешенінде ересектер арасындағы ХIVалықаралық турнир өтіп жатыр.
Бүгін, яғни 30 тамыз сағат 15:00 кезінде жарыстың салтанатты ашылуы өткен.
Ал күндіз 13:30-де алдын ала кездесулер басталып кетті.
Жарыс бағдарламасы:
31 тамыз, сағат 13:00 – алдын ала кездесулер
1 қыркүйек, сағат 13:00 – ширек финал
2 қыркүйек, сағат 13:00 – жартылай финал
3 қыркүйек, сағат 12:00 – финал.
Фото: assets.telegraphindia.com