Ақтауда сот банктің заңсыз пайда табуына жол бермеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы №2 сотында талапкер Банктің жауапкерлер - екі жеке тұлға мен кепіл ретінде серіктес болған заңды тұлға - ЖШС-дан ортақ түрде несие келісімшарты бойынша, негізгі қарыз - 6 982 192, 33 теңге, негізгі қарыздың индексация сомасы - 11 409 403,66 теңге, барлығы 18 391 595,99 теңге өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақтауда сот банктің заңсыз пайда табуына жол бермеді

Сот отырысы барысында, Банк тарапынан - 21 905 000 теңге несие сомасының 13% жылдық сыйақысы есебімен 120 айлық мерзімге қарызға берілгені анықталды.  

Банк пен Заемшылардың арасындағы несие беру шарты бойынша ай сайынғы төлем АҚШ валютасының баламасына таңылып жүргізілуі көрсетілген.

Алайда, Банк ҚР «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 34-бабына сәйкес кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейтінін ескермеген.

Сол себепті, сот заң талаптарын басшылыққа ала отырып, негізгі қарыз - 6 982 192,33 теңгені өндіріп, негізгі қарыздың индексация сомасы - 11 409 403,66 теңгені өндіруден бас тартып, Банктің заңсыз пайда табуына жол бермей, жауапкерлердің құқығын қорғады.  

Сот шешімі күшіне енді.