Ақтауда студенттерге арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді

жатақхана
Фото: Маңғыстау облыстық білім басқармасы

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтауда мереке қарсаңында технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттер жатақханасы ашылды.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының мәліметінше, студенттер үйі керекті заттармен толық жарақтандырылған. 500 орынға лайықталып салынған 5 қабатты нысанның 240 бөлмесі бар.

«Жатақханада санитарлық-гигиеналық үй-жайлар, демалыс бөлмесі, компьютерлік сынып, оқу залы, медициналық пункт, кір жуатын орын, үтіктеу бөлмелері, барлық қажеттілігі бар буфет, спорт алаңдары толық қамтылып отыр», - деді білім басқармасының өкілдері.

Жатақхананың ашылуы кезінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов, білім беру саласының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «NCOC» компаниясының өкілдері жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, студенттер игілі үшін қызмет ететінін атады.

Сондай-ақ, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің серіктес мекемелері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, колледждің ардагерлері және ата-аналар мен колледж студенттері жатақхананың ішкі жайымен таныс болды.

Соңғы жаңалықтар