Ақтауда суға ағып кеткен жасөспірімнің мәйіті табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Құтқарушылар 2 маусымда «Сарбаз жағажайы» ауданында теңізде жүзіп жүріп, суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты. 2005 жылғы жасөспірім Бейнеуден келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда суға ағып кеткен жасөспірімнің мәйіті табылды

Маңғыстау облыстық ТЖД-дан хабарлағандай, жасөспірім теңізге арнайы тақтаймен (SUP-board) шыққан. Оның мәйіті жағадан жүз метр қашықтықтан табылды.

«Таңғы сағат 8:35-те Каспий теңізінде ТЖД күштік құрылымы 2005 жылғы азаматтың мәйітін тауып, судан шығарды. Ол 2 маусымда серфинг тақтайымен жүзіп жүріп, батып кетті», - деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас тергеушісі Есен Борашев.

Қаза тапқан жасөспірімнің Бейнеу тұрғыны екені анықталды. Кеше, 2 маусымда ТЖД-ға суға ағып кеткен жасөспірімдер туралы бірден екі хабарлама түсті: үш баланың екеуі құтқарылды.