Ақтауда «Tartyl fest»-тің жеңімпаздары марапатталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу спорт фестивалі Ақтау қаласында өтті. Онда маңғыстаулық Дамир Набиев 44 рет турникке тартылып, рекордты жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда өткен сайыста жасы мен салмағына қарай 9 категория бойынша 297 адам сынға түсті. Барлық қатысушыларды қоса есептегенде маңғыстаулықтар 5737 рет турникке тартылды.

Каспий теңізі жағалауындағы Амфитеатрда өткен шараға Ақтау, Жаңаөзен және қала маңындағы ауыл, аудандардан қатысушылар мен көрермендер келді. Жарысты тамашалауға 3 мыңнан аса адам жиналды. Олар қатысушыларға қолдау білдіріп, қошемет көрсетуден аянып қалмады.

Турникке тартылғандардың ең егдесі 67 жастағы Мұңалбай Тукешов болса, ең кішісі 7 жасар Аслан Сансызбай мен Арсен Рамиль болды. Олардың әрқайсысы 10-нан асырып тартылды. Спортқа құмар жас өрендерге арнайы сыйлық табысталды.

Сайыста жастар ерекше белсенділік танытты. 30-дан асырып тартылғандар аз болмады. Ұйымдастырушылар маңғыстаулықтардың спортқа деген құлшынысын ерекше атап өтті.

Жарысқа қатысушылардың жасына, салмағына шектеу қойылмаған. Тіпті кәсіби спортшыларға да мүмкіндік берілген. Фестиваль қорытындысында 27 жүлдегер анықталды.

Сайыстың жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге. Бірінші орынға – 200 000 теңге, екінші орынға – 100 000 теңге және үшінші орын алған жүлдегерлерге 50 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде табысталды.

18 жасқа дейінгілер (55 келі)

1. Тлеулиев Нұрхат 28 рет

2. Расул Саят 27 рет

3. Ергенғали Алижан 27 рет

18 жасқа дейінгілер (55-70 келі аралығы)

1. Сүйіндік Айдос 31 рет

2. Асанұлы Диас 27 рет

3. Халилов Серкер 25 рет

18 жасқа дейінгілер (70 келіден жоғары)

1. Темірхан Мейрамбек 23 рет

2. Жарху Нұрқанат 22 рет

3. Рамалданов Артур 21 рет

18-30 жастағылар (65 келіге дейін)

1. Аяп Абылайхан 35 рет

2. Асильев Руслан 34 рет

3. Лобанов Дмитрий 33 рет

18-30 жастағылар (65-80 келі аралығы)

1. Таңатов Берекет 33 рет

2. Арсланбаев Аяпберген 32 рет

3. Маратов Дамир 31 рет

18-30 жастағылар (80 келіден жоғары)

1. Миржанов Арман 30 рет

2. Попов Евгений 26 рет

3. Бисен Ислам 25 рет

30 жастан жоғары (80 келіге дейін)

1. Набиев Дамир 44 рет

2. Ешимов Нұрлан 31 рет

3. Абджемалов Парахат 31 рет

30 жастан жоғары (80-90 келі аралығы)

1. Тауболғанов Олжас 24 рет

2. Айдаулетов Ерғұлан 24 рет

3. Пішенбаев Нұрлан 23 рет

30 жастан жоғары (90 келіден астам)

1. Ғаджибеков Валид 28 рет

2. Сүлейменов Муса 22 рет

3. Иманкулов Ерғали 22 рет

44 рет турникке тартылып рекорд жаңартқан Дамир Набиев 32 жаста. Ол 30 жастан жоғары 80 келіге дейінгі категорияда бақ сынады.

Айта кетейік, бұдан бұрын шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордтық көрсеткішке жеткен еді.

Фестиваль соңында көрермендер эстрада жұлдызы Нұржан Керменбаевтың және жергілікті өнерпаздардың концертін тамашалады.

Жалпы турникке тартылудан «Tartyl Fest» республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталып, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау қалаларында жалғасқан еді. Спорт фестивалі еліміздегі ірі 20 қалада өтікізіліп, 6 қыркүйекте аяқталады. Әр қаладан 27 жеңімпаз анықталып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге. Ал гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.


Соңғы жаңалықтар