Ақтауда теңіз жағалауына шығып қалған кішкентай итбалық құтқарылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 15-ші шағынаудандағы теңіз жағалауына шығып қалған итбалықтың баласын жергілікті тұрғын байқап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда теңіз жағалауына шығып қалған кішкентай итбалық құтқарылды

Тұрғын хабарласқаннан кейін Каспий итбалығын зерттеу және сауықтыру орталығынан мамандар келіп, жануарды алып кетті.

Олардың айтуынша, итбалықтың баласы әлсіз.