Ақтауда терезеден құлап кеткен бала үйінде жалғыз болған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Терезеден құлап кеткен 5 жасар бала үйінде бір өзі болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Анасының айтуынша, ол 5 қабаттан құлап кеткен. Оның сағат қаншада болғанын дәл айта алмады. Ол үйіне оралғанда, бала ауыр жағдайда болған, кейін дәрегерлерді шақырған. Біздің дәрігерлер оны Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізген, бүлдіршін сол жерде көз жұмды. Баланың жағдайы өте ауыр болды, жүрегі соқпады. Оның миы шайқалып, бас миы зақымданған, жабық бас сүйек-ми зақымы байқалып, қабырғасы сынған, көкірек қуысы зақымданған, қарыны жарақаттанған, ішкі қан кетуі байқалған, сол жақ жамбас сүйегі жабық сынған, 2 және 3 дәрежелі зақымданудан есеңгіреген, 2 және 3 дәрежелі геморрагикалық шок алған», - деді Ақтау қалалық жедел жәрдем және алғашқы медициналық көмек көрсету станциясының директоры Болат Тайшыбаев.

Дәрігерлер барлық реанимациялық іс-шараларды орындағанына қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. 

Соңғы жаңалықтар