Ақтауда тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Жекелей чемпионаты өтіп жатыр
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қыркүйек айының 7 - 15 аралығында өтетін ұлттық спорт түрі -тоғызқұмалақ чемпионатына Қазақстанның барлық облыстарынан ойыншылар келіп жатыр.
«Қызықты тартыс өтеді деп ойлаймын. Өйткені Англияда өткен тоғызқұмалақ жарысының, Президент кубогы үшін болған сайыстардың жеңімпаздары жиналуда. Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы ен мықты тоғызқұмалақшылар үлкен дайындықпен ойынды бастауда» дейді ҚР Туризм және спорт министрлігінің тоғызқұмалақтан бас жаттықтырушысы Айнұр Жакапбаева.
Тоғызқұмалақ ойынына қатысушылар арасында тоғызқұмалақтан 7 дүркін чемпион, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қызылордалық Әсел Далиева бар.
Тоғызқұмалақ ойынының Ақтаудағы бұл жолғы сайыс қорытындысында Қазақстан құрама командасы іріктеліп, Азия чемпионатына жолдама алып, Қазақстанның намысын қорғамақ.
Қазақстан спорты үшін маңызды сайыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық спорт және туризм басқармасының бастығы Сергей Пахомов пен қала әкімінің орынбасары Тарас Хитуов қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
«Бүгінгі өтіп жатқан маңызды шараның мақсаты - ұлттық тоғызқұмалақ ойынын халықаралық деңгейде дамыту, киелі өнерімізді насихаттау», дейді тоғызқұмалақ ойынының аға жаттықтырушысы Гаухар Жакиева.