Ақтауда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйел мерт болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 8-шағынаудандағы көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 48 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйел мерт болды

2 шілде сағат 13:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің 8-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабатынан секіргені туралы шақыру түскен.

«Жедел тергеу тобы шақыруға барды. Оқиға орнынан тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді» делінген баспасөз мәліметінде.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.