Ақтауда Toyota медициналық көлікпен соқтығысты, 4 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жол-көлік апатында 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Lada.kz.
Жол апаты 15 ақпан сағат 19.30 шамасында облыс орталығындағы 29-ыншы және 30-ыншы шағын аудандардың арасында болды. Toyota Camry мен мамандандырылған медициналық көмек көлігі соқтығысты.
«Бізге үш ер адам мен бір әйел жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр. Зардап шеккендер арасында балалар жоқ», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық жарақат бөлімінен.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
