Ақтауда Toyota шұңқырға түсіп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда көлік шұңқырға құлады, деп хабарлайды tumba.kz
Toyota маркалы жол талғамайтын көлік инженерлік коммуникацияларды жүргізу мақсатында қазылған шұңқырға құлап кеткен. Оқиға қаладағы «Грин Плаза» ТК маңында болған.
Куәгердің сөзіне қарағанда, шұңқырға құлаған көлік қатты бүлінбеген.
Toyota-ның қандай жағдайда қазылған шұңқырға құлап кеткені белгісіз.