Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам қайтыс болды

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, үш адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: lada.kz

Зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Жағдайлары тұрақты.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар