Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін баспана ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда «Облыстық арнайы мамандандырылған «Балалар үйі» ғимаратында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының жобасы - «Үміт үйі» облыстық дағдарыс орталығының - тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдерге арналған баспана ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің бапспасөз қызмеі.

Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін баспана ашылды

Жоба әкімшісі - «РАЙ» қоғамдық қоры. Оның ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ корпоративтік орталығының трансформация жобасының жетекшісі Лариса Зямзина, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры - ресми өкілі Лима Диас қатысты.

Дағдарыс орталығында өмір сүруге қажетті барлық заттар бар. Баспана 15-20 жататын орынға есептелген. Сонымен қатар, ғимаратта оқытуға және әйелдер мен баспана қызметкерлері үшін тренинг, семинарлар өткізуге арналған зал бар. Балаларға арналған бөлмелер дидактикалық ойыншықтармен және құралдармен жабдықталған.

null  

«Үміт үйі» дағдарыс орталығында киім пішу, шаштараз, аспаз, консервілеу, киіз басу, ұлттық өрнектерді кестелеу бойынша оқу курстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бұдан былай әрбір зардап шегуші әйел - тұрмыстық зорлық құрбаны орталыққа хабарласып, көмек және мамандардан кеңес ала алады. Қазіргі кезде баспанада тәулік бойына 42-00-60 сенім телефоны жұмыс жасайды. Мұнда маман азаматтарға шұғыл көмек көрсете алады. Барлық ақпарат - анонимді түрде және құпия. «Үміт үйі» дағдарыс орталығы осы орталыққа хабарласқан адамдар туралы ақпаратты таратпауға жауапты.