Ақтауда тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін ірі сауда желісіне айыппұл салынды

Ақтауда тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін ірі сауда желісіне айыппұл салынды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың мамыр айында қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20%-ға жуық жоғары бағамен сату фактісі анықталды. 

Бұл факті бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Апайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.

Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауына алынған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстауда тамақтан уланған 43 оқушы ауруханадан шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram