Ақтауда Үкімет басшысының қатысуымен «Аймақтық инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 25-інде Ақтау қаласында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Маңғыстау,
None
None
Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен «Аймақтық инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараны «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ (МЖӘ) мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырады. Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат ? Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша хабардар болуды арттыру, концессиялық жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасу және аймақтық деңгейде қосымша қаржылық ресурстарды тарту тетігі ретінде МЖӘ дамыту перспективаларын талқылау. Дөңгелек үстел аясында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Төрағасы Болат Смағұлов Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытудың ағымдағы ахуалы жөнінде ақпараттандырады. Басқосуға Еуропалық қайта құру және даму банкінің және Азия даму банкінің өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Стивен Вермерт өз баяндамасында мемлекеттік-жекеменшік жобаларына инвесторларды тарту мәселелеріне шолу жасайды. Астана қаласындағы Еуропалық қайта құру және даму банкі өкілдігі басшысының міндетін атқарушы Ульф Хиндстром муниципалды МЖӘ жобаларын қаржыландырудағы ЕҚДБ тәжірибесімен бөліседі. Бұдан басқа, «Концессиялық және бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру рәсімдері және олардың сапасын арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар